12 сынып оқушылары Ерболат Сембаев пен Илияс Баишев интерактивті зияткерлік ойынға арналған прокторинг жүйесі бар ашық сұрақтар мен жауаптарды автоматты түрде тексеретін онлайн жүйе әзірледі.
Білім сапасы – мемлекеттің тұрақты дамуына кепілдік беретін негізгі факторлардың бірі. Оған білім беру ұйымдарында теория мен практиканы үйрену арқылы қол жеткізуге болады. Бұл білім алуға уәжі төмен оқушыларды түрлі әдістермен қызықтырады. Олардың викториналар мен бағалау үй тапсырмасын ешкімнің көмегінсіз орындауға көмегі зор.
– Біздің ғылыми жетекшіміз Борис Зеленовтың оффлайн режимінде өткізген «Эрудит» ойыны оқушылар арасында үлкен қызығушылық танытты. Олар әлі күнге дейін аталған интеллектуалды ойынды асыға күтеді. Ойын барысында оқушылар командаларға бөлініп, қағазға жазылған сұрақтарға жауап береді, қызықты викториналық жарысарға қатысады. «Erudit Plus» – «Эрудит» ойынының электрондық нұсқасы. Ойынның электрондық нұсқасы ыңғайлырақ әрі кеңірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – дейді Ерболат Сембаев.
Ашық сұрақтары бар ұйымдастырылған конкурстық викториналардың бұл технологиясы – оқу үдерісін геймификациялаудың тиімді нұсқаларының бірі. Бұл дұрыс жауаптар үшін ұпайлар мен ынталандыру арқылы теорияны ұзақ мерзімді жадыға тапсыратын оқушылардың пайызын арттырады деп сенеміз.
Ерболаттың бұл алғашқы авторлық жұмысы емес. Өткен оқу жылында жас ғалым «QSOIL – Quest System of Interactive Learning – Интерактивті оқытудың квест жүйесі» жобасын әзірлеуге авторлық құқық алған.
Жаңа жұмыс 3D кеңістігіндегі процесті геймификациялау арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға «Информатика» пәнінен ағылшын тілінде білім беруге арналған дамыту жүйесі «Erudit Plus» көмегімен әртүрлі санаттарға ашық жауаптарды енгізуге мүмкіндік береді. Әкімші әр сұраққа жауап беру уақытын және ұпай санын белгілей алады. Ойынның соңында үздік командалар көрсетіледі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ