Қазақстанның шалғай ауылдары жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Қазақстанның шалғай ауылдары жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Бүгін Digital bridge форумының алаңында SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейер Қазақстанның шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты ұсынды деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.

SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының әзірлемелері жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру үшін сұранысқа ие стратегиялық құралға айналғанын атап өтті. Қазақстан компанияны өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін сенімді серіктес ретінде қарастырады.

«Алдын ала келісім бойынша Starlink технологиясының көмегімен 2000 ауылдық мектепті жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарлануда», – деді Бағдат Мусин.

Жаңалықтармен бөлісу