«Zhas Project» – бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы NEET санатындағы 18-35 жастағы жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды өз қоғамдастығының әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға көмектеседі. Ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»-ның тапсырысы бойынша іске асырылады.
– «Zhas Project» негізгі мақсаты-ақпараттық – түсіндіру және білім беру жұмыстарын жүргізу арқылы «NEET»санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасау. «NEET» санаты – бұл уақытша тұрақсыз жұмыс істемейтін жастар , білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейтін жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс жастардың бөлігі, – дейді «Қазақстанның Экологиялық Қоры» ҚҚ өкілі Наурызбек Бірмағамбетов.
Қазақстанның экологиялық қоры – әлеуметтік салада 14 жылдық тәжірибесі бар ұйым.
Биыл ұйым «ZhasProject» жобасының Қарағанды және Қостанай облыстарында іске асуына жауапты.
2022 жылы жоба Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде сәтті жүзеге асқан болатын. Биыл жоба еліміздің барлық 20 аймағында іске қосылады.
Шағын гранттар конкурсына өтінім беру үшін веб-ресурста жеке тіркеуден өту, сауалнаманы толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу қажет болады. Жобаларды іріктеу 2 кезеңнен тұрады.
Гранттар конкурсына қатысқысы келетін азаматтар қатысушыларға арналған мына талаптарды ескеру қажет.
– NEET санатындағы жастар – қазіргі уақытта жұмыссыз жүрген, білім жүйесімен қамтылмаған, яғни ешқайда оқымайтын жастар;
– Қазақстан Республикасының азаматы;
– жасы – өтінім берген кезінде қатысушының жасы 18-35 жас аралығына дейін болуы тиіс;
– өтінім берген кезінде облыс аймағында уақытша немесе тұрақты тіркеуі болуы, кем дегенде 3 ай;
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер арнайы веб-портал арқылы жеке өтінімдерін толтырып, сауалнамаға жауап беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы қажет:
– жеке куәлік көшірмесі;
– электронды үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы облыс аймағында тіркеуде тұрғандығын дәлелдеу;
– қатысушының әлеуметтік статусын дәлелдейтін құжат.
Әсел ҚИБАШ