Жол ережесін бұзғандардың он бесі көлікті мас күйінде айдаған

Жол ережесін бұзғандардың он бесі көлікті мас күйінде айдаған

Демалыс күндері Қостанай облысының полициясы жол қауіпсіздігі желісі бойынша 800 ден астам бұзушылықты анықтады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Демалыс күндері Қостанай облысының полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді, нарядтардың тығыздығы артып келеді. Көшелерді, аулаларды, саябақтарды, скверлерді, орталық жағалауды және тұрғындардың басқа да демалыс орындарын күзететін жаяу бекеттер қызметке шығады.

Автокөлік патрульдері ойын-сауық орындарына, ірі сауда үйлеріне жақын орналастырылған.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі желісі бойынша 811 бұзушылықты анықтады. Автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 15 жүргізуші ұсталды, ал бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған тағы 1 масаң жүргізуші осыған ұқсас әрекетті қайталағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады.
Осыған қарамастан, демалыс күндері облыста 3 ЖКО орын алып, 4 адам зардап шекті. Екі ЖКО Қостанай қаласында, 1 Қарабалық ауданында орын алды.
Мәселен, 06 қазан күні таңертең Қостанай қаласында 71 жастағы зейнеткер Хакімжанов көшесіндегі жолды белгісіз жерде кесіп өтуге шешім қабылдады және Шевроле Кобальт автокөлігінің доңғалақтарының астында қаза таба жаздады. Әйел, қазіргі уақытта ауруханада стационарлық емделуде.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО көбінесе жаяу жүргіншілердің өздеріне немқұрайлы қарауына байланысты болатынын тағы да растайды. Қостанай облысының ПД 7 мыңға жуық жаяу жүргінші мен 1000-нан астам жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жолда, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында қырағы болуға шақырады. Жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол қиылыстарының алдында жылдамдықты төмендетіңіз, өйткені жаяу жүргінші кенеттен пайда болуы мүмкін.
Жаяу жүргіншілер, жолды тек белгіленген жерлерде кесіп өтіңіз және тек өткелдің қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз. Есіңізде болсын, көлік бірден тоқтай алмайды!

Жаңалықтармен бөлісу