Полицейлер өз елінде іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын құрықтады

Полицейлер өз елінде іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын құрықтады

Қостанай полицейлері «Заңсыз» ЖПІШ кезінде есірткі таратқаны үшін күдікпен іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

«Заңсыз – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері криминалдық полициямен бірлесіп, Өзбекстан республикасының Құқық қорғау органдарында іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтаған.

Бұл ақпаратты, полиция қызметкерлері осы азамат көші-қон қызметіне Мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша жүгінген кезде алды. Іздеуде жүрген адам ұсталды.

 

Жаңалықтармен бөлісу