Орталықтағы жол учаскесі уақытша жабылды

Орталықтағы жол учаскесі уақытша жабылды

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев тұрғындарға орталықтағы жол учаскесінің уақытша жабылғанын ресми парақшасында хабарлады.

“№ 2 жылу магистраліндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Тәуелсіздік көшесінің бойындағы жол учаскесі уақытша жабылды. Сағат 23:30-да жөндеу орнында жұмыс жиналысын өткіздім. Мердігер мекеме мен қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр”, – деді Марат Жүндібаев.

 

Ондағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын жүріп жатыр. Жол бүгін қалпына келтіріледі. 25 көпқабатты тұрғын үйге жылу және ыстық су беру кестесіне сәйкес ертең кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Жаңалықтармен бөлісу