Облыс әкімі Құмар Ақсақалов «Мұғалімдер күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысқаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Қостанай қаласындағы «Жастар» сарайында өткен жиында келген қонақтармен бірге «Ұстазым» әні шырқалды.
Алдымен аймақ басшысы білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, педагогтарды мерекемен құттықтады.
Облыс әкімінің айтуынша, білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, соңғы үш жылда білім беру саласының бюджеті 1,3 есеге өсіп, 178,5 млрд теңгені құрады, бұл облыстың жалпы бюджетінің үштен бірін құрайды.
«Мұғалімнің маңызды міндеті – оқушының таланты мен қабілеттерін ашу. Біздің өңірдің оқушылары зияткерлік жарыстардың халықаралық 20 жүлделі және 70 республикалық орындарына ие болды. Республикалық олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жүлделі үшінші орын және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша екінші жалпы командалық орындарды иеленді. Шәкірттері ғылыми жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізетін мұғалімдердің есімін атап өтпекшімін. Олар – «Білім-Инновация» лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Серік Мақсат, Қарабалық ауданының Новострой мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дамир Исмагилов, Меңдіқара ауданының Жангелді мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелді Якупов, Қостанай қаласы М.Горький гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ирина Науменколар. Бұдан бөлек, ұстаздар әулетінің тамаша дәстүрін бөлек атап өткім келеді. Мәселен, 1890 жылдан бастап Сарыкөл ауданында Шаймерденовтер әулеті ұстаздық жолды бастаған. Барлығымызға үлгі ретінде өз қаражатына біздің облыста алғаш рет мектептердің бірін ашқан. Шаймерден арғы атасы үлгі болды. Бүгінде отағасы Сүйіндік Шаймерденов, сондай-ақ оның жұбайы, қызы мен күйеу баласы ұстаздық жолды жалғастыруда, – дей келе облыс әкімі аймақты білім саласын жетілдіруге қосып жүрген бір топ педагогтерді марапаттады.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.