Жалған ұнтақ, маркасыз шарап: тергеп-тексеру нәтижелері нені анықтады?

Жалған ұнтақ, маркасыз шарап: тергеп-тексеру нәтижелері нені анықтады?

Жалпы салмағы 6 тоннадан асатын “Ariel” және “Tide” маркалы контрафактілі кір жуғыш ұнтағының “Белая Лоза”, “Талас”  маркалы жалған шарап алкоголь өнімдерінің, ілеспе жүк құжаттарының және 20 000-нан астам жапсырмалардың көзі жойылды деп хабарлайды облыстық  Экономикалық тергеп тексеру департаментінен.

Бұған дейін Департамент алкоголь өнімін өндірумен айналысатын ЖШС құрылтайшысы мен директорының қылмыстық қызметі тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Олар 2022-2023 жылдар кезеңінде акциздерді төлеуден жалтару мақсатында өндіріс цехында жалған алкоголь өнімін  өндірумен айналысып келген еді.

Санкцияланған тінту барысында жоғарыда аталған өндірістік цехта “Белая Лоза” шарабы, “Талас” шарабы атауының 20 000-нан астам затбелгісі табылып тәркіленді.

“Оларда есепке алынбаған алкоголь өніміне арналған өндіруші зауыт туралы мәліметтер жоқ. Өткізу орындарында көлемі 0,75 л “Белая Лоза” маркалы алкоголь өнімінің 1330 бөтелкесі,   0,5 көлемді  320 бөтелке “Талас” шарабы және осын өнімнің 0,75 л көлемді 1188 бөтелкесі табылып, ілеспе жүк құжаттарымен тәркіленді”, делінген хаттамада.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-тің 233 – бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оны алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығынан айыра отырып, мемлекеттік кіріске 800 АЕК – 2 760 000 (екі миллион жеті жүз алпыс мың) теңге мөлшерінде 1 (бір) мерзімге айыппұл) жыл 6 (алты) ай жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, Департамент қылмыстық әрекеттерді әшкерелеу мақсатында Қостанай қаласының аумағында “Ariel” және “Tide” маркалы контрафактілі кір жуғыш ұнтақты сату фактісін анықтап, бақылау жүргізді.

Аталған өнімдер адамдар көп жиналатын орындарда (базарлар, дүкендер) көлемі 3 килограмм және 6 килограмм пакеттерде сатылып келген.

Өткізілген мақсатты іс-шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған тұрмыстық химия өнімдерінің тауар белгісін сату және заңсыз пайда алу мақсатында заңсыз пайдаланған Қостанай тұрғыны әшкереленді.

Сауда өткен оқиға орнын тексеру барысында 6 кг-нан 653 қаптама және 3 кг-нан 1 050 қаптама мөлшерінде “Ariel” маркалы кір жуғыш ұнтақ, сондай-ақ жалған белгілері бар жалпы салмағы 6 тоннадан асатын, 6 кг-нан 40 қаптама мөлшерінде “Tide” маркалы ұнтақ тәркіленді.

Департаменттің криминалистикалық бөлімі маманының қорытындысына сәйкес, тәркіленген кір жуғыш ұнтақтарда “Болотов и Компания” ЖШС “the Procter & Gamble Company” ресми өкілінен ұсынылған кір жуғыш ұнтақпен айырмашылық элементтері болды, яғни барлық өнімдер контрафактілі деп танылды.  Оған тауар белгісі құқық иесінің келісімінсіз басылған.

Қылмыстық істі тергеу барысында жәбірленуші “Тhe Procter & Gamble Company” өкілінен залал өтелгендіктен, тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш келіп түскені де белгілі болды.

Жаңалықтармен бөлісу