10 жылға бас бостандығынан айырылды

10 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанай қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотта синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі қызға сот үкім шығарды.

Он тоғыз жасар екі қызға синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшерін тасымалдап және сақтап, таратқаны үшін айып тағылған еді. Олар өз кінәларын толық мойындаған болатын және жасаған істері үшін өкінетінін жеткізген.

Жарыссөз А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ мәжіліс залында өтіп, оған оқытушылар мен студенттер де қатысты. Мемлекеттік айыптаушы соттан қыздарды 11 жылға бас бостандығынан айырып, 80 АЕК көлемінде айыппұл өндіруді сұраған болатын.

Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және 296 бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп танылды. Екеуіне 80 айлық есептік көркеткіш көлемінде айыппұл салынып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталған А.Антипенко мен А.Савостьянова жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім оқылған сәттен бастап сот залында екеуінің қолына кісең салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Шағымдануға болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ,

Суреттерді түсірген автор

Жаңалықтармен бөлісу