Көлік салығын төлемеген 16 тұрғын қамауға алынды

Көлік салығын төлемеген 16 тұрғын қамауға алынды

Жыл басынан бері салық төлемеген 16 облыс тұрғыны  бір тәуліктен үш тәулікке дейін қамауға алынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабалайды  Мемлекеттік кірістер департаментінен.

37 көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Бұл жұмыстар Мемлекеттік кірістер департаментімен қатар жеке сот орындаушыларының, полиция және прокуратура қызметкерлерінің бірлесіп әрекет етуімен жүзеге асып отырғанын айта кету керек.

Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралы бойынша салық берешегін уақытылы өтемеген жағдайда сот орындаушыларының жұмыс шеңберінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін уәкілетті органдардың тіркеу іс-әрекеттерін шектейді. Борышкердің елден тыс жерлерге кетуіне тыйым салынып,  қамауға алу шарасы қолданылады. Олардың жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтатылып, банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салынады. Жеке сот орындаушылары берешек сомасынан бөлек, қарыздың 25% – на дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуға құқылы.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеруді және бар болған жағдайда қарыздарды өтеуді ұсынады.

Көлік иелерінің мемлекеттік кірістер органдарына жүгінбей-ақ өздігінен берешекті қарауға мүмкіндіктері бар.

Бұл үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөліміне, одан әрі «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет» бөліміне кіру қажет, сонымен қатар e-salyq Azamat мобильді қосымшасындағы – «Барлық сервистер» бөліміне, одан әрі «Салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы сервис» бөліміне кіріп те қарауға болады.

 

Жаңалықтармен бөлісу