Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ұзынкөл ауданының учаскелік инспекторы 1988 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Оны бұрын сотталған қылмыскер өлтірген болатын.
Турнирге 21 команда қатысты. Ашылу және марапаттау рәсіміне лейтенант Бақыт Қасымовтың ұлы Асқар Қасымов қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Рудный қаласы ПБ қызметкері Нияз Ибраев үздік қақпашы деп танылды.
Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері – Азамат Нұрмахаметов Үздік қорғаушы атанды
Үздік шабуылшы – Қостанай қаласы ПБ қызметкері Аят Қарабаев.
Жүлделі орындар келесідей:
1 орынды ПД ЖҚАЖ қызметкерлері иеленді.
2 орынды Рудный қалалық ПБ қызметкерлері иеленді.
3 орынды Қостанай қаласы ПБ қызметкерлері иеленді.