Шығармашылық адамның туған ел табиғатына көзі тоймай, ғажайып көңіл-күйге берілетіні бар. Осындайда сәулетші де барлық болмысына ерік беріп әрі өзінің азаматтық парызын естен шығармай, қаламы мен сызғышын қолына ұстайды. Арманы – халыққа ұнайтын көркем ғимараттың жобасын салу.
Мектепте оқып жүргенде Қажымұханбетті сәулетші емес, суретші болатын шығар деп ойлаушы едік. Үнді әртісі Радж Гапурдың суретін экран арқылы елестетіп отырырып салу өнері сегізінш сынып оқушысының қолыннан келуі шағын ауылды дүр сілкіндірген болатын. Бірақ мектеп бітіре сала Целиниград ауыл шаруашылық институтының архитектура факультетін оқуға түсті. 1976 ж сәулетші мамандығын алып, зейнеткерлікке шыққанша өз мамандығы бойынша биік дәрежеде еңбек етті. 2000-2014 жылдары Арқалық қаласының бас сәулетшісі болды. Қалада жасалған құрлыс ғимраттарының барлығына дерлік бақылау жасап отырды. 2014- 20 жылдар аралығында Арқалық қалалық құрлыс, сәулет бөлімінде архитектор болды. Бүгінде “Арқалық даму” қоғамдық қорын басқарады. Қажекең алған нәрсесін ғылыми түрде дәлелдегенді жақсы көретін. Сәулет өнерінің ішінде ғимараттың сыртқы үлгісіне басты назар аударады. Көркемдік сыртқы пішінді өз логикасымен жасай білетін Ақшығанақ ауылынан шыққан алғашқы сәулетші деседі ауыл адамдары.
Қ. Әбдікұлының бұл еңбегі еленбей қалған жоқ. Ардагер сәулетші, Арқалық қаласының ардагер азаматы бірнеше төсбелгілермен мараппатталған, ақшалай-заттай сыйлықтардың иегері. 2000 жылы сәулет өнеріне қосқан үлесі үшін ҚР сәулетшілер одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қажекең балаларын өсіріп, бүгінде немере сүйіп отырған ардақты ата. Ұлы Кеңесбек пен қызы Айнагул де жоғары білімд . Жолдасы Күнсүлу ЦСХИ-дің экономист мамандығын алған білікті маман.
Міне, осындай заманауи архитектураларға атсалысып, қаққан шегесіне дейін қарап отырған Қ Әбдікұлына көпшілік осы еңбегі үшін алғысын айтады.
Кәдірбек Жолпатұлы