Полицейлер жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті

Полицейлер жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті

Бұл оқиға  «Алматы-Екатеринбург» тас жолында болған. Арман кентінің жанында жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегіне тоқтап, көліктен шығады. Осы уақытта жүк көлігі жерге батып кеткен деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

“Ол кезде жаңбыр жауып, жол жиегіндегі топырақ жұмсақ болған. Автокөлік кедергі тудырып, қозғалысты тоқтатты. Патрульдік полицейлер Серік Ермағамбетов пен Самат Кужаров жүргізушіге көмек көрсетіп, қозғалысты реттеді” делінген хаттамада.

Жүк көлігін крансыз шығара алмайтынын біліп, полиция осы уақытқа дейін жүк көлігін күзетіп, жол қозғалысын қадағалады.
Жүргізуші жолдағы қиын жағдайда көрсеткен көмектері үшін полицейлерге алғысын білдірді.

Жаңалықтармен бөлісу