Прокурорлар заңсыз қайта рәсімделген жер телімінің алдын алды

Прокурорлар заңсыз қайта рәсімделген жер телімінің алдын алды

Қарабалық ауданының прокуратурасы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалануды ұсынудың заңдылығын талдау барысында орман заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратура өкілдері.

Мәселен, 2019 жылы Михайлов орман шаруашылығы мекемесі мен “Жулева С.П.” шаруа қожалығы арасында 49 жылға дейінгі мерзімге ауданы 2 201,9 гектар мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімге пайдалану жөнінде шарт жасалған.

2021 жылғы наурызда аталған қожалықтың құрылытайшысы С. П. Жулева өзі шешім шығарып, “Шағатай Агро” ЖШС-не жер бөлуді жалған қайта ұйымдастырған.

Ал, 2021 жылғы сәуірде Михайлов орман шаруашылығы мекемесі “Шағатай Агро” ЖШС-мен 49 жылға дейінгі мерзімге орман пайдалану құқығымен қосымша келісімге келеді.

Алайда, Орман кодексінің 35-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың басынан бастап мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын электрондық нысанда пайдалана отырып, тендер өткізу жолымен ғана жүргізілу керек.

Жергілікті прокуратура кадастрлық құны 30,5 млн теңгеге бағаланған 2 мың гектар орман қорын заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу мақсатында қадағалау актісін енгізді. Табиғат қорғау заңнамасының мәселелері бүгінде ерекше бақылауда.

Жаңалықтармен бөлісу