Қостанай облысында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 16 қайырымдылық жоба мен бағдарлама іске асырылуда, оның ішінде 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді, 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиевтің, «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры София Айсағалиеваның, депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстелде айтылды.
Жүзден астам ұсыныс
София Айсағалиеваның айтуынша, дөңгелек үстел Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның аясында өңірдің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылау мен айқындау мақсатында өткізілуде.
«7 тамыздан бастап қор коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) арасында сауалнама жүргізді, оған коммерциялық емес ұйымдардың 1200 өкілі қатысып, Қордың қызметіне кешенді баға берді. 15 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында қор денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша 1000-нан астам КЕҰ-ның қатысуымен 21 тақырыптық онлайн zoom-кездесу өткізді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары және қордың қатысуы бойынша 100-ден астам ұсыныс айтылды», – дейді София Айсағалиева.
София Айсағалиева «Қазақстан халқына» қорының жүзеге асырған қайырымдылық бастамаларына тоқталып, Қостанай өңірінде іске асқан және жоспарланған қайырымдылық жобаларды таныстырды.
«Қор қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Қордың бағдарламалары елдің барлық өңірлерінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылады. Қостанай облысында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 16 қайырымдылық жоба мен бағдарлама іске асырылуда, оның ішінде 3,2 млрд теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді, 1,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарлануда», – дейді ол.
Ерекше балаларға арналған және түрлі орталықтар ашылады
Денсаулық сақтау саласында Қостанай облысында ауыр өмірге қауіп төндіретін және орфандық аурулары бар 17 пациентке жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Қостанай облысы бойынша тамырлы патологиясы бар 11 бала бойынша өтінім қабылданып, дәрі-дәрмек терапиясы тағайындалды. Медициналық мекемелерді офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету шеңберінде Қостанай облысы бойынша «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК және «Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы» КМК жалпы сомасы 34 млн теңгеге диагностикалық линзалар, офтальмоскоп және офтальмологиялық лазер сатып алынды.
Қостанай қаласында ерте араласу орталығын ашу жоспарлануда. Қазақстан бойынша барлығы 13 орталық ашу жоспарланған.
Қостанай облысында балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту шеңберінде Қостанай облыстық балалар ауруханасы КМК-ға жалпы сомасы 92,5 млн теңгеге жабдықтар жеткізу жоспарлануда.
Шетелде медицина мамандарын оқыту және шетелдік мамандарды тарта отырып шеберлік сыныптарын ұйымдастыру шеңберінде 3-14 шілде аралығында ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» КМК ультрадыбыстық диагностика маманы Санкт-Петербург қаласындағы «Д.О.Отт атындағы Акушерлік, гинекология және репродуктология ғылыми-зерттеу институтында» оқудан өтті.
Әлеуметтік қолдау аясында Қостанай облысының 5 тұрғынына жалпы сомасы 45,7 млн теңгеге инновациялық протез берілді. Қостанайда Аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашу жоспарлануда. Қазақстан бойынша барлығы 8 орталық ашу жоспарланған. «Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК базасында 241,2 млн теңге сомасына оңалту орталығы ашылады.
Төрт тірек мектеп
Қостанай облысында тірек мектептердің әлеуетін дамыту шеңберінде Сарыкөл ауылының Урицкая жалпы білім беретін мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Екінші кезең бойынша жалпы сомасы 1 млрд теңгеге 4 тірек мектеп құру жоспарлануда: Абай атындағы мектеп-лицей КММ, Жітіқара қаласы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия, Арқалық қаласы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы, Рудный қаласы № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі.
Өткен жылы Қостанай облысында 81,9 млн теңге сомасына ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 4 арнайы мектеп жабдықталған: Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернаты, Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Лисаков арнайы мектеп-интернаты, Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебі, Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №1 Рудный арнайы мектеп-интернаты.
Жалпы сомасы 60,2 млн теңгеге тағы 2 арнайы мектепті жарақтандыру жоспарлануда. №2 Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернат Қостанай арнайы кешені, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернат Қостанай арнайы кешені.
Қостанай облысында инженерлік құзыреттерді дамыту мақсатында 19 мектепте жалпы сомасы 68,4 млн теңгеге бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақтандырылған робототехника кабинеттері ашылды. Екінші кезеңде «Болашақ инженерлер моноқалаларда» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында 171 млн теңгеге 38 мектеп жабдықталады. Рудный қаласында 18 мектеп, Арқалық қаласында 9 мектеп, Жітіқара қаласында 7 мектеп және Лисаков қаласында 4 мектеп.
2022-2023 оқу жылында Қостанай облысы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан 57 студент қор гранттарының иегері атанды: 55 студент А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде, 2 студент М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде оқиды.
Биыл оқу жылында қор Қостанай облысының талапкерлеріне 26 білім беру грантын берді (университетте 25 студент А.Байтұрсынов университетінде, 1 студент М.Дулатов университетінде).
Қостанай облысында жақсы үлгерім көрсеткен және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан 1614 ауыл баласына «Бүркіт» балалар сауықтыру орталығында, «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінде, «Парус» балалар сауықтыру орталығында, «Айналайын» балалар сауықтыру орталығында жазғы демалыс ұйымдастырылды.
Қостанай облысында Новотроицкое ауылында 1 спорт залы ашылды. Милісай және Торғай ауылдарында 2 спортзал ашу жоспарлануда. Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Қазақстан бойынша өңірлерде 80 жылдам салынатын модульдік спорт залдарын орнату жоспарлануда. Алғашқы спорт кешенінің іргетасы ағымдағы жылдың 26 тамызында Қостанай облысының Жітіқара ауданында қаланды.
2022 жылы Аманқарағайдағы алапат өрт кезінде зардап шеккендерге 174 млн теңгеге көмек көрсетілді. 2023 жылы Қостанай облысындағы өрттен өртенген лагерьді қалпына келтіру үшін құрылысқа 268,8 млн теңге бағытталады.
Айта кету керек, сауалнама қорытындыларын, жұртшылық пен өңірлерден түскен сұрақтар мен ұсыныстар нәтижесін Қор қазан айында Конференцияның қорытынды отырысында таныстыратын болады. Қыркүйек айында қор еліміздің 20 өңірінде дөңгелек үстел өткізуді жоспарлаған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев