Қарағанды жақта құлдықта болған  облыс тұрғыны табылды

Қарағанды жақта құлдықта болған облыс тұрғыны табылды

Жедел жәрдем жүргізушісі Ерсін Тілеубердинов ауысымнан кейін көлігімен үйге бара жатқан оны жыртық киім киген, үсті-басы лас адам тоқтатқанын айтады.
Ол 6 жыл бойы еңбек құлдығында болып, Қарағанды облысының Осакаров ауданына қарасты Молодежное ауылының маңындағы қыстаудан қашып кеткенін мәлімдеген. Қостанайлық азаматтың аты-жөні – Александр Вдовиченко.
Алты жыл бұрын шаруа қожалығының иесі Александрға бір маусымға қыстайтынын айтып, мал бағуды ұсынған деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіскен адамы құжаттарын иемденіп, жалақысын бермеген, жұмысқа ресми түрде орналастырмаған. Шындығында ол тек тамақтану үшін ғана жұмыс істеген дедінген келтірілген мәліметте.

«Құжаттарды беруін өтіндім. Учаскелік полиция инспекторы сұрайды дегенімде ол құжаттардың өзінде қалса жақсы болатынын айтты», – дейді Александр.

Кейін ол қашуға шешім қабылдаған. Бірнеше күн дала арқылы Қарағандыға дейін жаяу жүрген. Ұсталмау үшін ымырт жамылып жүріп отырған. Туған жері – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылына жетіп, сол жерде арыз жазуды ұйғарған. Жедел жәрдем жүргізушісі жігітті Қостанайға таксиге отырғызып жіберген.

Бұған қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қысқаша түсінік берді.
Александр Вдовиченко дерекқорда жоғалғандар тізімінде жоқ. Оған арыз түссе, шара қолданылады, – деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтармен бөлісу