Қостанайда таксиші қырағылығының арқасында алаяқтықтың жолы кесілді.

Қостанайда таксиші қырағылығының арқасында алаяқтықтың жолы кесілді.

14 қыркүйекте Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаев зат салынған сөмкені Лисаковтан Рудныйға жеткізуге тапсырыс алады. Тапсырыс беруші әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен.

Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керек екенін айтады.

Таксишіге тапсырыс сомасы мен зейнеткер сипаттаған мән-жайлар күдікті көрінген. Аргументтерді тексеруді ұйғарған ол Лисаков қаласының полициясына хабарласыпты.

“Полицейлер дереу әрекет етіп, 87 жастағы кейуананың алаяқтардың құрбанына айналғанын анықтады. Оның үй телефонына алаяқтар қоңырау шалып, қызының жол-көлік оқиғасына ұшырағанын және шұғыл түрде қомақты ақша керек екенін хабарлаған. Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған”, — делінеді облыстық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Лисаков қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызының  аман-сау екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді.

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Ал зейнеткердің қызы Елена Кононюк полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне қырағылығы мен жеделдігі үшін алғысын білдірді.

Қостанай облысының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды тағы да ескертеді. Алаяқтар жаңа схемаларды ойлап тауып, ескі «Телефон» әдістеріне оралуда. Полицейлер азаматтарды абай болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырады. Ақпаратты тексеріп, жақын адамына қоңырау шалып, мұндай фактілерді полицияға хабарлау керек.

Бұл ретте полицейлер заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін тұлғаларға ақша аудару қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатынын еске салады.

Жаңалықтармен бөлісу