Қазақстанда жерге зерттеу жүргізетін мемлекеттік институт құрылды

Қазақстанда жерге зерттеу жүргізетін мемлекеттік институт құрылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жерге экономикалық бағалау жүргізіп, мониторинг жасайтын институт құрылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Кәсіпорынның міндеті – жерді экономикалық бағалау, оған мониторинг жүргізу, топырақты зерттеу, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу», – делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 6 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Жаңалықтармен бөлісу