Президент ел дамуының басым бағыттарын атады

Президент ел дамуының басым бағыттарын атады

Президентіміздің өткен айтылған жолдауларынан бері біршама жұмыстар атқарылып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Атап айтқанда, мұғалімдердің айлығы, дәрігерлердің жалақылары 2 есеге өскен, тұрғын үй мәселесі де біраз жақсарған. Енді осы Жолдауында да халыққа бір серпіліс болады деп ойлаймын. Мемлекет басшысы атом электр станциясын салуды, жалпы осындай дүниелерді халықтың арасында кеңінен талқылауды айтып, халықтың ойымен санасу туралы тоқталды. Осы Жолдауда айтылған мәселелерді іске асыру – біздің міндетіміз. Жаңа Қазақстанның экономикасының көтерілуіне ел болып, жұрт болып жұмыс істеу керек деп ойлаймын!

Қалқаман Жақып,
Қостанай облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы  

Жаңалықтармен бөлісу