Қазақ-қытай жолшылары меморандумға қол қойды

Қазақ-қытай жолшылары меморандумға қол қойды

Қазақстандық және қытайлық жолшылар жолдардың сапасын жақсарту мақсатымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК және Shandong Hi-Speed Group Co., Ltd. автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау, жол инфрақұрылымын жаңғырту және реконструкциялау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарын зерттеу және пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Қытайлық серіктес Қазақстандағы жолдардың сапасы мен беріктігін арттыру және пайдалану ұзақтығын арттыру үшін жобалауды, материалдардың үйлесімділігін, құрылысты басқаруды және одан кейінгі сынақтарды қоса алғандағы қызметтердің толық спектрін ұсынатын болады.
Қазақстан жолдары проблемаларын ескере отырып, екі тарап жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау әдістері, көлік және автомобиль жолдары саласындағы статистикалық мәліметтер жөннде кеңесіп, ақпарат алмасады. Қазақстан аумағында Қытайдан жаңа материалдар мен технологияларды зерделеу және пайдалану мәселелерін пысықтайтын болады.
Құжатта асфальтбетон қоспаларын қайта пайдалануды ұлғайту арқылы Қазақстанда пайдаланылған және пайдаланылмайтын асфальт қоспаларын түрлендіру мәселелерін зерделеу көзделген, бұл бөлінген қаражатты ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

Келісім, сонымен қатар, жол салу және жөндеу әдістерінде, жол-құрылыс материалдарының сапасына сараптама жасауда және автожол объектілерінде жаңа технологияларды қолдануда тәжірибе алмасуға бағытталған.
Бұған дейін тараптар Алматы облысында кәсіпорын филиалының зертханасы базасында бөлінуге қарсы күшейткіш қоспаларын, жоғары модульді заттарды, құрғақ модификаторды сынау мәселелерін пысықтаған еді.
Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде екі елде де жолдардың сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен кеңестік және зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Жаңалықтармен бөлісу