Берік Қуанышұлы Таңжарықов Қостанай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Ол 2018 жылдан осы уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған еді.
Б.Қ.Таңжарықов 1990 жылы Қостанай облысында туған. Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Құрылыс саласында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары және басшысы болып қызмет еткен.