Халық батыры Аманкелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына арналған ұлықтау мерекесі сәуір айында ел ордасы Астанадан бастау алып, күні бүгінге дейін республикалық деңгейде аталып өтуде. Бүгін батырдың ізі қалған Аманкелді ауданында басталған дүбірлі той қыркүйек айының тоғызына дейін жалғаспақ.
” Республикалық деңгейде өтіп жатқан ауқымды іс-шараларымыздың тұсаукесерін суда жүзуден 2013 жылы туған және одан кіші жастағы балалар арасындағы облыс чемпионатынан бастап отырмыз. Аталған чемпионат аудан тарихында тұңғыш рет өткізілуде. Біріншіліктің ауданымызда өтуі бізге, елге көрсетілген үлкен құрмет”, – деп атап өтті Аманкелді ауданының әкімі Талғат Карбозов.
Жарысқа Қостанай, Лисаковск, Рудный, Арқалық қалалары мен Аманкелді ауданының командалары қатысуда.
@amangeldi_audany_akimdigi