Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларындағы міндеттер мен басымдықтарды нақты әрі ұтымды түсіну қамтылған.
Біріншіден, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Дәрігерлердің жалақысы да айтарлықтай өсті, қазір олардың табысы елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі беріледі. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынуда. «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын жүзеге асыру басталды, оның аясында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл іс жүзінде жүзеге асырылған бастамалардың бір бөлігі ғана. Көптеген жұмыстар атқарылды және ол әлі де жалғасын табады.
Екіншіден, ел күшті парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшті. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бұрынғыдан бетер тамыр жайды. Біз «еститін мемлекет» қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруымыз керек және бұл жерде Парламентке ерекше рөл жүктелген. Адам құқықтарын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Заң үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді. Қоғамның саяси мәдениеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді».
Үшінші – елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидалары әділеттілік, инклюзивтілік, прагматизм болмақ. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы бәсекеге қабілетті артықшылықтарымызды тиімді пайдалануға, сондай-ақ өндірістің барлық негізгі факторларының – еңбек, капитал, ресурстар және технология әлеуетін ашуға негізделетін болады. Жаңа экономикалық саясат аясында біз ұзақ мерзімді уақытша мақсаттар қою тәжірибесінен бас тартамыз. Осы Жолдауда көрсетілген барлық міндеттер үш жыл ішінде шешілуге тиіс, ең күрделілері үшін басқа нақты күндер белгіленеді.
Төртіншіден, еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығының жетекші ауыл шаруашылығы орталықтарының біріне айналу. Бұл бастапқы өндірістен қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшпейінше мүмкін емес. Үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнімдердің үлесін 70 пайызға жеткізу міндеті тұр.
Бесінші – ауылды дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау принципті түрде маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы өзектілігін дәлелдеді. Оны дамытудың келесі кезеңі жеңілдетілген несиелер беру ғана емес, жеке қосалқы шаруашылықтардағы кооперацияны ынталандыру болуы керек.
Алтыншы – Заманауи ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Жер мен климат енді фермерлер табысының анықтаушы факторы емес, инновациялық шешімдер бірінші орынға шықты. Заманауи ғылымсыз саладағы жағдай тұралап қана қоймай, одан бетер нашарлайды. Агроғылымды дамыту, ең бастысы оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану шаралары қолға алынуы Жетінші – су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы мәселесі өзекті болып қалуда. Халық саны мен экономикалық өсу тенденциясын ескере отырып, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін.
Еліміз трансшекаралық су көздерінің ресурстарына тәуелді. Еуразияның өзендері мен арналары – халықтар мен экономикаларды біріктіруге арналған ортақ табиғи мұра. Бұл мәселеде әрқашан көршілерімен және достарымен түсіністік пен өзара тиімді тіл табысу керек. Сондықтан теңгерімді су саясатын жүргізу, трансшекаралық суды пайдалану мәселелерін шешу Үкіметтің аса маңызды міндеттері саналады.
Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету – біздің еліміздің экономикасының дамуынының негізгі тұжырымы. Бүгінгі Жолдау сөзден іске көшудің басты бағытын айқындап берді.
Бұл бастамалар демократиялық, экономикалық дамыған және құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады.
Альмира Жансүгірова
Қазақстан Мәслихаттарының Құрметті депутаты