Ондай статистиканы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында келтірді.
“Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтарымыздың мүдделері мен қажеттіліктері болатынын, яғни ол барынша адам орталықтандырылуы тиіс екенін ерекше атап өткім келеді. Осы мақсатта біз шикізат мемлекетінің моделінен біртіндеп, бірақ тұрақты түрде алшақтауымыз керек.
Жыл сайын елімізде 400 мыңнан астам бала туады. Жыл соңына дейін Қазақстан халқы 20 миллион адамға жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы да өсуде, өткен жылдың қорытындысы бойынша ол 74 жылдан асты. Біздің еліміз әлемдегі ең “жастардың” бірі болып саналады – азаматтардың орташа жасы небәрі 32 жасты құрайды. Халықтың шамамен үштен бірі – жастар.
Үкіметтің міндеті-қазіргі демографиялық тенденцияларды бәсекелестік артықшылықтарға айналдыру. Үйлесімді тұлға мен жауапты азаматты қалыптастыру негіздері балалық шақта қаланады. Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек”, – деді Президент.
@kazinform_news