“Мұндай жағдай үкіметті тікелей қаржыландыруға, кепілдік беруге және субсидиялауға мәжбүр етеді. Бұл қымбат, тиімсіз және нарықтық экономика принциптеріне қайшы келеді. Сонымен қатар, нақты секторды несиелендірудің төмендеуі аясында банктер қызметінің назары тұтынушылық қарыздар беруге ауысты. Бұл қаржы жүйесі үшін тәуекелдердің өсуіне, сондай-ақ азаматтардың шамадан тыс несиеленуіне әкелді.
Мен 2019 жылы қабылдаған 500 мың азаматқа кепілсіз несиелерді есептен шығару туралы шешім, сондай-ақ күшіне енген жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңы мәселенің ауырлығын төмендетті. Бірақ жағдайды түбегейлі түзету үшін жаңа жүйелік шаралар қажет. Сонымен бірге азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру өте маңызды.
Осыған орай, Amanat партиясы іске асырып жатқан “Қарызсыз қоғам” жобасын атап өткім келеді, оның аясында еліміздің 8 өңірінде 20 мыңнан астам адам өздерінің қаржылық сауаттылығын арттырды. Олардың көпшілігі бұрын 10 немесе одан да көп несие алған. Бұл жоба қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке Amanat партиясымен бірлесіп оның қамтылуын кеңейтуді тапсырамын. “Қарызсыз қоғам” жобасы бүкіл ел бойынша азаматтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында.
@kazinform_news