Өңір басшысы Арқалық тұрғындарымен кездесті

Өңір басшысы Арқалық тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жұмыс сапарымен келді

Аймақ басшысы ең алдымен қаланың қысқа дайындығымен танысты.

blankblank

 

Мердігерлермен бетпе — бет жүздесіп, нысан құрылыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

blankblank

Қазіргі таңда Арқалық жылу электр орталығында жаңа жүйені іске қосу жұмыстары жүргізіліп, орталықтың химиялық су тазарту жүйесін құрылыс-монтаждау жұмыстарына 582,9 млн теңге қаражат игерілуде.

blankblank

Қаланың су құбыры желілерін қайта жаңартуға 975,2 млн теңге бөлінген. Ұзындығы – 25,664 км. Сондай-ақ,         3 418,9 млн теңгеге жылу желілері жаңғыртылуда. Ұзындығы – 7184 м.

blankblank

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында өткен қала тұрғындарымен кездесуінде қала басшысы Әмірхан Асановтың әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебін тыңдап, өз кезегінде осы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың түйінін тарқатты.

blank

 

«Облыстың оңтүстік аудандарын қаржыландыру қарқыны тежелмейді. Жол қатынасын жолға қою – Президент тапсырмасы. Арқалық таяу жылдары логистикалық маңызы бар орталық болады. «Арқалық- Астана» тас жолы жөнделуде. «Арқалық-Жезқазған» бағытындағы көтерме жолды жөндеу жобасы да қолға алынуда. Оңтүстік аудандардың тұрғындарына қарастырылған 1 пайызбен несие беру жобасы таяуда өз жұмысын бастайды. «Қостанай жастары» жобасы жақын жылдары аймақта тұрғын үй мәселесін оңтайлы жолға қоятын болады», – деді Құмар Ақсақалов.

blank

Әкімдердің есеп беру кездесулері барысында халықтың да көкейтесті сұрақтарын қоюына да көп көңіл бөлінді. Көпшілікті толғандырған сауалдардың қатарында тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі алаңдатпай қоймайды. Десе де, жыл сайын облыс тарапынан қомақты қаржы бөлініп, қордаланған проблемалар шешімін тауып келеді. Өткен жылы және биыл бірқатар үйлердің сырт келбеті жаңаша реңкке еніп, төбе жабындылары жаңғыртылды. Бұл шаруалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Жиында әр сала бойынша қол жеткен табыстар мен жасалуы тиіс жұмыстар сараланып, пысықталды.

blankblankblank

Кездесуден кейін облыс әкімі, облыстық басқармалардың басшылары азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді.

blankblankblank

 

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

 

Арқалық қаласы