Облыстың индустрия саласында 15 жоба қолға алынды

Облыстың индустрия саласында 15 жоба қолға алынды

Партияның Қостанай облыстық филиалының төрайымы Бибігүл Аққожина партияның 2022-2023 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

«Индустрия саласында 1,5 мың тұрақты жұмыс орны қарастырылған, жалпы сомасы 74,4 млрд теңге қаржыға 15 жоба қолға алынды.  Сондай-ақ, 896,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  50-ден астам әлеуметтік  нысан салынды. Атап айтқанда, 640 орындық 2 мектеп, 2 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт кешені, 47 спорт алаңы. 43 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 37,23 шақырым жылу желілері жаңартылды. Сонымен қатар, 695,6 шақырым су құбыры желілері салынып, 179,6 шақырымы қайта жаңартылды. Орталық сумен қамту жүйесіне 11 ауыл қосылды. Ал 15 ауылдың сумен  қамту жүйесі жақсартылды» – деді Бибігүл Аққожина.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу