«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының XXXV есеп беру-сайлау конференциясында партияның облыстық филиалының төрайымы Бибігүл Аққожина «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының ерекше маңыздылығын атап өтті. 2023 жылдың 7 айындағы жобалардың қол жеткізген нәтижелеріне тоқталды.
– «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы аясында жоспар бойынша 330 мың гектар жердің 231 мың гектары (70%) мемлекет меншігіне қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 227 өтінім мақұлданып, 1,2 млрд теңге қаржыға 193 несие берілді», – деді филиал төрайымы.
Әсел ҚИБАШ