Ұзынкөлдегі оқыс оқиғаға  қатысты екі лауазымды қызметкер жұмыстарынан босатылды

Ұзынкөлдегі оқыс оқиғаға қатысты екі лауазымды қызметкер жұмыстарынан босатылды

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев Ұзынкөл ауданында болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.

 

“Осы жылдың 25 тамызында Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылында өткен іс-шарада электр тогынан зардап шеккен қыз облыстық балалар ауруханасында ем алуда. Оның жағдайы өте ауыр.

Біздің дәрігерлер баланың өмірін сақтау үшін бар амалын жасап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қосымша тексеру және консультациялар алу үшін бүгін осы жылдың 30 тамызында Қостанай қаласына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының 2 маманы келді.

Аталған іс-шараны аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша жеке кәсіпкер ұйымдастырғанын хабарлаймыз.

Осы факті бойынша полиция органдары тергеу іс-шараларын жүргізеді, оның қорытындысы бойынша кінәлі адамдар айқындалатын болады.

Жалпы, бұған дейін облыс әкімі бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескерткен еді. Болған жағдайға байланысты тиісті бақылаудың жоқтығы үшін Ұзынкөл ауданының әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, әкімдік тарапынан іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған аудан әкімінің орынбасары және бөлім басшысы атқаратын лауазымдарынан босатылды”, – деді Р.Мұхаметқалиев.

Жаңалықтармен бөлісу