Чехия  “Тобылдың”  ЕАЭО  легионерлерін  елдеріне кіргізуге рұқсат бермейтін болды

Чехия “Тобылдың” ЕАЭО легионерлерін елдеріне кіргізуге рұқсат бермейтін болды

Қостанайлық ұжым сапында өнер көрсететін Ресей-Беларусь елдерінің  футболшылары “Виктория” Пльзеньге  қарсы қарымта кездесуді өткізіп алғалы тұр. Бұл туралы  клуб  қожайыны  Әлімжан  Қалдияров әлеуметтік парақшасында  айтты.

 

Соған қарамастан,  “Тобыл”  ФК  аталған легионерлерін өзімен бірге алып кеткенін хабарлады. Қостанайлық  ұжым  екі  күн  бұрын  елден  ұшу  арқылы  Чехия мемлекетімен болған арадағы мәселені шешіп алғысы келетінін айтады.

 

 

Айта кетейік, ұжымда  Ресей-Беларусь елдерінің Иван  Коновалов,  Павел Забелин,  Павел Киреенко  және  Альберт Габараев сынды  футболшылары бар.

Жаңалықтармен бөлісу