Ата заң – елдігімнің еңсесі

Ата заң – елдігімнің еңсесі

Конституция күнін мерекелеу қазақстандықтар үшін – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн.

1995 жылғы 30 тамызда сол айтулы күні өткен жалпыұлттық референдумда, Қазақстан халқы жаңа Конституцияның жобасын мақұлдап, оны қазақстандықтардың көпшілігі бекіткен Республиканың Негізгі Заңы қабылданды. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет құру жолындағы шешуші сәттерінің бірі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған үндеуінде – «Конституция – біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі», – деп нақты айтып өтті.

Міне, осы мереке қарсаңында Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Ата заң- елдігімнің еңсесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға шолу жасалды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада танымал және құрметті ел бола алды. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің жетістіктері бүкіл әлемде мойындалған. Еліміздің азаматтары келісімде өмір сүреді, бірлікті бағалайды, болашақ туралы ойлайды. Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы және онда айқындалған құқықтық қағидаттар біздің елімізге әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік берді, табысты даму мен өркендеуді қамтамасыз етті.
Кітап көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ҚР Ата Заңының баптар мен тармақтары жайлы толықтай мәлімет беретін кітаптардан тұрса, екінші бөлімде ҚР Конституциясы туралы түсініктеме беретін кітаптары орналасты. Ал, үшінші бөлімді мерзімді басылым беттерінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету жайында мақалалары қамтыды.
Зарина Мусабаева, 
Аманкелді аудандық орталық балалар
 кітапханасының меңгерушісі

Жаңалықтармен бөлісу