Әділдік пен дамуды көздейтін елдегі басты қағидаттардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Теңдік, әділдік және заңдылыққа шақыратын Конституциямыздың мәнмәтінінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік беретін институттарды нығайту үшін үлкен шешіммен, құлшыныспен әрекет етуге тиіспіз.
Осы орайда алдағы Конституция күніне орай редакцияда дөңгелек үстел өтті. Бас редактордың орынбасары Аслан Қанғожин баяндамасында қоғамды әділдік, теңдік жолына бағыттайтын қағидаттар, құндылықтар және нормалар Ата Заңымызда бекітілгенін атап өтті.
«Ата Заңымыз сыбайлас жемқорлықты асыра пайдалануды болдырмауда негізгі рөл атқарады. Заң алдындағы теңдік және Конституцияда жазылған қағидаттар барлық азамат үшін әділ қоғам құруға арналған негіз. Елімнің өркендеуіне үлес қосам деген әр азамат жемқорлықтың жолын кесуі керек», – деді Аслан Қанғожин.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бізге өзге елдердің үлгісінен көшірме жасамай, өзіміздің даму жолымызды табуымыз қажет екенін айтып жүр. Өйткені көшірме қашанда түпнұсқадан нашар, ал дамуды қуып жететін үлгі мәңгілік бөгде болу үшін жазылған. Ал бұл көптің, оның ішінде үлкен өзгерістердің қоғамымыз ұстанатынын және мемлекетіміздің ұстанатын ұстанымына белсенділік пен адалдыққа байланысты екенін білдіреді. Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ұжымның пікір-көзқарасы осы болды.