Жерлесіміз халықаралық жарыстың күміс жүлдегері

Жерлесіміз халықаралық жарыстың күміс жүлдегері

Қостанайлық Маргарита Гриценко дзюдодан 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Португалияның Гайя қаласында өткен Еуропа ашық кубогының күміс медалін жеңіп алды деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бірінші айналымда Маргарита Испаниядан келген спортшыны жеңді. Ширек финалда Португалия атынан қатысқан палуаннан басым түсті. Жартылай финалда Голландия өкілін кездесудің соңғы секундында таза жеңді. финалда Хорватиядан келген қарсыласына вазари әдісімен жол берді.

Бұл оның спорттық мансабында ересектер арасындағы алғашқы халықаралық медалі.

Жаңалықтармен бөлісу