Рудныйда қала күні мерекеленуде. Алғашқы күні “Диета.кз”, “Калиманджора” эстрада топтары мен опера әншісі Сүндет Байғожин жиналған дүйім елді өнерлерімен тәнті етті. Қала жұрты қызықты отшашу мерекесіне куә болды.
Бүгін қала күнін мерекелеу аясында мәдениет саябағында спорттық іс-шаралар өтті.
Жағажай волейболы, үстел теннисі, баскетбол, таэквон-до, армрестлинг, дартс және футболдан сайыстар өткізіліп, қатысушылар грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады. Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында “Made in Rudny” бизнес-шоуы ұйымдастырылды.
Іс-шарада брендтердің өнімдері көрсетілді.
Қашар кенті мен Рудный шығармашылық ұжымдарының концерті тамашаланды.
Отбасылық барбекю фестивалі, палау фестивалі, бал фестивалі болып, жанды музыка ырғағымен ерекшеленді. Қала әкімі Виктор Ионенко қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге марапаттар табыс етті.
Бұл туралы Рудный қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Суреттер Рудный қаласы әкімінің ресми сайтынан алынды