15 мая, 2025
Ұрланған жүк көлігімен ескерткішке соғылған жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ұрланған жүк көлігімен ескерткішке соғылған жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады. 25 тамызда Жітіқара қаласында Әулиекөл ауданының 37 жастағы тұрғыны кәсіпорындардың бірінің аумағынан «Урал» жүк көлігін ұрлап кеткен.

 

Мас күйінде Ш. Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан «Еңбек Даңқы» ескерткішіне барып соғылған.

 

Қазіргі уақытта Жітіқара қаласының полициясы ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Сондай-ақ, жүргізушіге қатысты 608-бапқа сәйкес «Мас күйінде көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік іс қозғалды.