Қамысты ауданының орталығында ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қамысты ауылында Р.Құсайынов атты шаруаның иелігіндегі шалғайдағы табында ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталған. Осыған байланысты алдын алу шаралары қолға алынып жатыр.
«Індеттің пайда болуына байланысты шектеу шаралары белгіленсін. Анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажеттi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілсін», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қамысты ауылдық округінің әкімі А.Тілеубергеновтің шешім-жобасында.
Құжатты ашық талқылау уақыты аяқталды. Енді ауылдық округ әкімі қол қойған соң бұл шешім бірден күшіне енеді.