Арзан бағамен жекенің қолына өткен кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды

Арзан бағамен жекенің қолына өткен кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды

Лисаков қаласының прокуратурасы мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеру барысында коммуналдық мүліктің құнын төмен бағалау фактісін анықтады деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

2018 жылы қала әкімдігі кәсіпорынды 29 млн теңгеге сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығымен жекенің қолына береді.

Прокуратура жүргізген осы объектіні қайта бағалау нәтижесінде оның нарықтағы құны 2018 жылы 542 млн теңгені құрағаны анықталды.

 

Прокурордың талап – арызы бойынша “Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімімен жеке тұлға арасындағы шарт жарамсыз деп танылды. 542 млн теңге сомасындағы коммуналдық меншік объектісі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу