Қостанай бесінші буын операторлық желісін құрып жатқан еліміздің алғашқы қалаларының бірі. Облыс орталығында Tele2/Altel жаңа буынының екі базалық байланыс станциясы жұмыс істейді, олар Тәуелсіздік және Бостандық көшелерінде орнатылған. Осы жылдың қыркүйегіне дейін қалада осындай жеті орын, ал жыл соңына дейін 11 орын болады деп жоспарлануда.
Бұл ретте Қазақстанда бірінші болып “Қазақтелеком” компаниялар тобына кіретін Tele2/Altel операторы сапалы технологияны іске қосты. Қазір байланысқа қойылатын талаптарды түсіне отырып, Tele2/Altel Қазақстанда бесінші буын желілерін белсенді түрде өрістетуде.
5G желілері деректерді секундына 1 гб дейінгі жылдамдықпен беру мүмкіндігімен ерекшеленеді (орташа мәндер 200 мб/сек). Осы арқылы маңызды экономикалық және әлеуметтік бастамалардың дамуына мүмкіндік бермек. Бұл бизнес, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларына оң әсер етпек. Болашақта ресурстарды үнемдеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл ретте бесінші буын желілерінің базалық станциялары халықаралық ұйымдар бекіткен жоғары қауіпсіздік стандарттарына әрі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды ескере отырып сәйкестендірілген.
“2021-2022 жылдар аралығында Tele2/ALTEL облыстың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп 24 станция салды, 122 станцияны жаңғыртылды. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс ауылдарында 4 жаңа сайт іске қосылды, қолданыстағы 30 станцияға жаңғырту жұмыстары жасалды. Облыста бұл оператормен барлығы 5 қала, 349 ауылдық елді мекен байланыспен қамтамасыз етілді”, – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Қашиев.
Tele2/Altel компаниясы байланысты жақсарту үшін 5G желілерін орналастырып қана қоймай, қосымша 4G технологиясы станцияларының құрылысына үнемі инвестиция салады және қолданыстағы станцияларды жаңартады. Қазір Қостанайда 110 базалық станция жұмыс істеп тұр. Қостанай облысының 354 елді мекені мобильді оператордың байланыс желісімен қамтылған. 2023 жылдан 2026 жылға дейін тағы 98 базалық станция салынып, 164 базалық станция жаңғыртылмақ.
«Компания барлық қазақстандықтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істейді. Осы ретте тұрғындардың базалық станцияларды орнатуға келісімін жинау рәсімі өзгеруде. Қалалар мен елді мекендерде орнату кезінде байланыс инфрақұрылымын жоспарлау мәселелері талқылануда. Процестің барлық қатысушыларының осындай синергиясы байланыс сапасын едәуір жақсартуға және қамту аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді”, – дейді Tele2/Altel PR-директоры Евгения Бекболатова.
Өңірдегі байланыс сапасын жақсарту бойынша қолға алынған жұмыстар “Kostanay Invest-2023” инвестициялық форумындағы “Қазақтелеком”АҚ Басқарма Төрағасы мен Қостанай облысы әкімінің тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумы аясында жүргізілетінін атап өткен жөн.