«Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Мәлика Мұхтарова 23 жасында дүние салды» деген суыт хабар тез тарап кетті.
Иә, біздің Мәлика қызымыз өзінің соңғы ойнаған қойылымы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» (Қызжылаған) драмасындағы Ләйлік сияқты қанатын жайып, көкке ұшты да кетті.
Артында елі, әжесі, ата-анасы, достары, әріптестері қалды. Бүгінде Мәлика тұрған үй, медаль мен мадақтауларға, жымиып түскен суреттеріне толы бөлмесі бос тұр. Кішкентай ғана Мәликасын іздеп, келеді деп күтіп тұрғандай.
Мәлика жайлы әжесінің тілшімізге айтқан естелік әңгімесін газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.