Биыл Ұзынкөл ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
“2023 жылы ауданның дамуына бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 8,4 млрд теңгені құрайды.Бұл өткен жылмен салыстырғанда қаражат көлемі 35,5% – ға өскен. Есепті кезеңде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді”, – деді аудан әкімі Азамат Аужанов.
Осы көрсеткіштердің арқасында ел ішіндегі шалғай ауылдардың тұрмысы жанданып келеді. Мәселен Новопокровка ауылына жергілікті «Тойсай» ЖШС бір жыл ішінде өз қызметкерлері үшін бірнеше үй тұрғызып, стадион салып, ауылды абаттандыруға белсенді қатысуда. Ұзақбай Ағайдаров осы бағытта алға қойған жоспарларымен таныстырды.
“Бизнес өкілдерінің барлығы да осы серіктестіктен үлгі алуы тиіс. Мұндай бастамалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, жергілікті экономиканың дамуына серпін беретінді”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Бейбіт Нұрмұханов
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев