Облыста жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Өңірдегі 468 білім ошағында 112 мың оқушы блім алмақ. Жыл соңына дейін 1980 орындық үш мектептің құрылысы аяқталуы тиісті. Олар «Береке», «Қонай» шағын аудандары мен Қостанай ауданының Еңбек ауылында салынып жатыр. Биыл 6,2 млрд теңгеге 163 білім ошағына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы А.Ибраева алдағы оқу жылына даярлық туралы есеп берді.
–Қысқы жылыту маусымына дайындық маңызды мәселенің бірі. Бір жылға 66 731 тонна көмір қажет. Оған 1,1 млрд теңге бөлінген. Бүгінде соның 43 905 тоннасы түсірілді. Денисов, Қамысты, Әулиекөл аудандары жылыту маусымына дайын емес. Аудан әкімдері бұл жұмысты уақытылы қолға алса, – дейді басқарма басшысы.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА