Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің тапсырмасымен білім ошақтарында балаларға барлық жағдай жасалуы тиісті. Облыстағы барлық білім ошақтары бейнебақылауға қосылған. Бұл жағдайға облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінген.
–Балалардың мектеп аумағындағы қауіпсіздігіне білім ошағының басшылығы жауап береді. Спорт алаңдарында ешқандай да жарақат алу болмасын. Алдын ала бәрін тексеріп, бекітіңіздер. Қауіпсіздік шаралары сақталсын. Ата-аналар да балалармен әңгімелесіп, сөйлескені дұрыс, – деп ескертті облыс әкімі Құмар Ақсақалов әкімдікте өткен жиында.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай бастауыш сынып оқушылары толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Облыстағы 49 мың баланы ыстық тамақпен тамақтандыру үшін облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінген.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА