Халықаралық жастар күніне орай Аманкелді ауданыда бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.
— Аудан жастарының белсенділігі әрқашан жоғары. Мерекелік іс-шарада аудандық Қ. Әбенов атындағы мәдениет үйімен бірлесіп және “Жасыл ел” балаларын жұмылдырып өткіздік. “Жастар” саябағында орналасқан алаңқайда жастарға түрлі сұрақ қойылып, оларға арнайы естелік сыйлықтар берілді, — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Маржан Серікбаева
Сонымен қатар ел тұрғындары, яғни, үлкен буында қатысып, жастарға өзіндік алғыс-тілектерін білдірді. Іс-шара соңы арнайы ұйымдастырылған би кешімен жалғасын тапты.
Б. МЕЙРАМҰЛЫ,
Аманкелді ауданы.