Нидерланды корольдігімен арадағы инвестиция көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 6,4 млрд еуроға артты

Нидерланды корольдігімен арадағы инвестиция көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 6,4 млрд еуроға артты

Нидерланды корольдігі еліміздің алдыңғы қатарлы инвесторларының бірі. Аталған елдің Қазақстандағы елшілігінің өкілі халықаралық қауымдастық, бизнес қауымдастығы, азаматтық қоғам, жергілікті билік біріккен жағдайда үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынын айтады.

 

«Біз бүгін Қостанайда екі ел  арасындағы серіктестікті талқылап отырмыз. Жемқорлық, алаяқтық елдегі сауда-экономикасына кедергі келтіріп, қоғамға кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сол себепті ел ішінің тұрақтылығы, оң көзқараста жүргізіліп отырған саясаттың елдің күретамыры саналатын басқа елдермен интеграция сауда-саттық, инвестиция көлемінің артуына зор ықпал етеді. Сіздерде жылма-жыл даму үрдісі байқалады. Осы себепті арадағы серіктестігіміздің аясы кеңейді. Бүгінде арадағы инвестиция көлемі 103 млрд евроны құрайды. Бұл 2021 жылғы көсеткіштен  6,4 млрдқа артық. Былтыр арадағы тауар айналымы 5,3 млрд-қа жетті. Ол сауда көлемінің өткен жылдардан 27 пайызға ұлғайғанын білдіреді. Шетелдік инвестиция мен сауда айналымы бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл жағдай екі жақты  іскерлік байланыстармен қатар, жаңа идеялардың қалыптасуына  үлкен стимул беріп отыр», – деп атап өтті  Нидерланды корольдігінің Қазақстандағы елшілігі басшысының орынбасары Наут Ван Вауденберг.

Жаңалықтармен бөлісу