Футболдан УЕФА-ның Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың “Тобылы” солтүстік ирландиялық “Дерри Сити” командасын қабылдады. Былтыр “Астананы” жарыс жолынан шығарған “Купстан” айласын асырып келген Ирландияның командасынан жанкүйер қауым өзгеше ағылшын стиліндегі ойын күткен болатын.
Қонақтар қостанайлықтарға қарсылық таныта алмады. Бірыңғай “Тобыл” допқа иелік етумен болды. Гол соғатын жақсы мүмкіндіктерді ойынның бірінші бөлігінде мүлт жіберіп жатты. Бірнеше рет бұрыштама, айып добын орындады. Қақпашымен бірге-бір шыққан сәттер қаншама. Екінші таймда сол жақ қаптал керемет комбинацияларға көшті. Вукадинович пен Асранкуловтың жұбы қонақтардың қорғаушыларын қапы қалдырды. Милиян қақпа тұсын қиялай алға ұмтылып барып допты алдында ашылған Романға қалдырды. Ол сол аяққа келтіріп қақырата дәл соққы жасады. Осылайша “Тобыл’ бірінші ойында жеңіске жетті. Жауапты ойын 17 тамызда сырт алаңда өтеді.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев