Қостанай облысының оңтүстік өңірінде бизнесті дамытуға баса мән беріледі

Қостанай облысының оңтүстік өңірінде бизнесті дамытуға баса мән беріледі

Экономиканы қарқынды дамытудың маңызды бір бағыты – шағын және орта бизнесті өркендету, осы саладағы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету. Қазір облыста 65,1 мың ШОБ нысаны бар. Олардың өңірлік өндіріске қосып жатқан үлесі зор. Осы бағыттағы бизнес өкілдері қатарының ұлғаюына жол ашу маңызды міндетке айналып отыр.

«Биыл Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнесті кредиттеудің қолжетімділігін арттыру үшін 9,8 млрд теңге бөлінді. Облыстың оңтүстік өңірлерінде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән беріліп отыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен Арқалық қаласының, Амангелді және Жангелдин аудандарының бизнес субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік. Бастапқы кезеңде 1,5 млрд теңге сомасында қаржыландыру көзделген», – дейді Құмар Іргебайұлы.

Кәсіпкерлерге кепілмүлкі жетіспеген жағдайда «Даму» қоры кредит сомасының 85%-ке дейінгі мөлшерінде кепілдік беретін болады.

Жаңалықтармен бөлісу