Қостанайлық спортшы ММА жекпе-жегінен әлем чемпионы атанды

Қостанайлық спортшы ММА жекпе-жегінен әлем чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде жаcөспірімдер арасындағы ММА жекпе-жегінен әлем чемпионаты өтті. Осы бәсекеде 120 келі салмақта ел намысын қорғаған қостанайлық Радомир Морозов чемпион атанды.
Жерлесіміз финалдық жекпе-жекте Америка спортшысын ауырту тәсілімен жеңді.
Қазақстан намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасының 35 мүшесі қорғады. Жалпы есеп бойынша, ел құрамасы екі алтын және үш қола медаль олжалады.
Жасөспірімдер арасында өткен бұл жарыс тарихтағы ең ірі әлем чемпионаты саналып отыр. Оған 46 елден 653 спортшы қатысқан.

Жаңалықтармен бөлісу