16 мая, 2025
“Қостанай жастары” бағдарламасы басталады

“Қостанай жастары” бағдарламасы басталады

Биыл бұл бағдарламаны қаржыландыруға 2 млрд 100 млн теңге қарастырылып отыр. Жоба аясында 34 жасқа дейінгі жастар баспана сатып ала алады.

 

— Өтінімдерді қабылдау 14 тамыздан басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады, — дейді қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Абылайхан Кәкенов.

 

Құжаттар Қостанай облысының қала-аудандарының әкімдігі базасында қабылданады, ол үшін арнайы комиссиялар құрылады.

Шарттар бойынша, қарыздың ең жоғары сомасы – жылдық 5% мөлшерлемемен 15 млн теңге, бастапқы жарна кемінде 10% болуы тиіс. Несиелеудің ең ұзақ мерзімі – 19 жыл.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.