Кең ауқымды жиын 11 тамызда басталады. Форумда Қазақстан және Ресей елдерінің журналистері бас қоспақ.
Тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік жасалатын мәжілісте сала мамандары үшін медиада нейрожелілерді пайдалану жөніндегі арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
«БАҚ – билік органдары мен ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі негізгі серіктестерінің бірі. Бүгінде көптеген адам нейрондық желілердің болашағы бар екенін және оның бұрын мүмкін емес болған дүниелерді жасай алатынын түсінген. Кез келген инновациялық өнім сияқты, нейрондық желі кең аудиторияда қолданылмайды. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін нақты мәселелерді шешуге нейрондық желілерді қолданудың бірнеше әдісі таңдалды. Оның бәрі осы форумда насихатталмақ», – дейді ұйымдастырушылар.