Қостанай облысында алдағы бес жылда сексен мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтылады

Қостанай облысында алдағы бес жылда сексен мыңнан астам тұрғын баспанамен қамтылады

Соңғы жылдары астықты өңірде құрылыс саласы қарқынды жүргізіліп келеді. Облыс орталығында да, аудандар мен қалаларда да халықты тұрғын үй қамту ісі ілгерілей түсті.
Алдағы уақытта да бұл мәселе шет қалмайды. Өйткені, жылдан-жылға халық саны өсіп келеді. Ал, оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов инвесторлар форумында сөйлеген сөзінде айтты.

-Құрылыс – өңір экономикасында тұрақты өсіп келе жатқан саланың бірі. Әлемдік трендке айналған урбанизация біздің елімізде де, облысымызда да байқалады. Соңғы бес жылда еліміздегі халықтың саны 17%-ке өсті. Ал, облыста қала халқы 10%-ке көбейді. Өзге облыста да жағдай оң көрсеткішке ие. Олар жыл сайын дамып, көркейіп келеді. Осыған орай, қалада өмір сүру жағдайын жақсарту қажет. Алдағы бес жылда 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 23 мыңға жуық баспана тұрғызу жоспарланып отыр. Мұның 70%-і – коммерциялық тұрғын үй. Сексен мыңнан астам адам баспанамен қамтамасыз етіледі. Коммерциялық құрылыс салушылардың санын арттыру мақсатымен олардың жер телімдеріне инженерлік-коммуникация желілерін тартуға, сондай-ақ маңайын абаттандыруға біз көмектесетін боламыз, – дейді өңір басшысы.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу